Дәрігерлер Алматыдағы атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматыдағы атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді

Алматы қалалық денсаулық басқармасындағылар атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір қала ауруханаларында жеті адамның жатқаны белгілі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық денсаулық басқармасындағылар атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір қала ауруханаларында жеті адамның жатқаны белгілі.

"Қазіргі уақытта қала ауруханаларында 7 адам жатыр. Бір науқас Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ем алды. Жағдайы жақсарған ол тергеу изоляторына ауыстырылды. Бес науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Тағы екеуі қалалық орталық ауруханада жатыр. Үш науқастың жағдайы ауыр. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары тұрақты ауыр", - деді Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков.

Сонымен қатар, Исабеков қаланың үздік хирургтері бірнеше ауыр ота жасағанын айтты. Ол науқастардың алған жарақаттарының ауыр екендігін де атап өтті. "Көбінесе торако-абдоминалдық жарақаттар, аяқ-қолдары жарақаттанған, кеуде қуыстарына оқ жарақаттарын алған", - деді Исабеков.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Алматыда болған антитеррористік операцияның хронологиясын мына жерден оқи аласыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети