Алматыда дәрілерді алып-сатумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда дәрілерді алып-сатумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, алаяқ Түрксіб ауданында ұсталды.
"Әйел адамнан "Гроприносиннің" 100 пакеті, балаларға арналған "Анаферонның" 105 пакеті, ересектерге арналған 62 пакет "Анаферон" ,сондай-ақ ол қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 7 "Ингавирин" пакеті тәркіленді. Ұсталған әйелден мәміледен түскен шамамен 1 миллион теңге алынды. Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектер тәркіленді", - деді полицейлер.
Ведомство мәліметінше, әйелдің іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!