Дарын Тұяқов қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Дарын Тұяқов қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген жарлықта.
Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша заңгер-құқықтанушы.
Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.
Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, "Қазақтелеком" АҚ-да жұмыс істеген.
Тағайындалғанға дейін "Қазақтелеком" АҚ бас директоры - аппарат басшысы лауазымын атқарған.
"Астананың 10 жылдығы", "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін "Үздік Байланысшы" құрметті атағын иеленген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!