Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды Фото: primeminister.kz

Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Алматы заң академиясын (ҚазМЗУ) бітірген.

Жарнама
Жарнама

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің кірістерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастады.

2007 жылдан 2016 жылға дейін Алматы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы тексеру комиссиясында және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-да бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры және бас бухгалтер қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2024 жылдың қазан айында Ұлытау аймағының әкімі болды.

Еске салайық, бұған дейін Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен кетті. Оның орнына Болат Ақшолақов тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама