Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Серік Шапкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және математика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан 2016 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор болды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін Атырау қаласының әкімі болды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2020 жылдың маусым айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.

2022 жылғы сәуірде Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +37
Астана +29
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +32
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +41
Қызылорда +30
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +38
Т
Талдықорған +39
Тараз +44
Түркістан +20
О
Орал +32
Ө
Өскемен +41
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер