14 қыркүйек 2021 | 13:22

Дәстүрлі форматта оқыту: Қыздар университетінде дайындық қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызметінен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызметінен

18 қыркүйектен бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушыларды жатақханаға орналастырып, офлайн форматта оқуға қабылдауды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

18 қыркүйектен бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушыларды жатақханаға орналастырып, офлайн форматта оқуға қабылдауды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жаңа оқу жылына дайындық мұғалім мамандарын даярлайтын еліміздегі іргелі оқу орнында қалай жүргізілді? Университетте студенттер үшін қандай жағдай жасалған? Университеттің ресми өкілі - Маркетинг және коммуникациялар департаментінің басшысы Жандар Асанның айтуынша, дәстүрлі форматта дайындық жұмыстары барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақтау басты назарға алынды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау кезінде - 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын орны өлшеусіз үлкен. Өйткені, оны осы мерзім ішінде кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен, әсіресе ауылдық жерлерден білімге құштар мыңдаған қазақ қызы бітіріп шықты.

Бүгінде Университетте жалпы саны 7 мыңға жуық білім алушы бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуда.

COVID-19 пандемиясына байланысты былтыр Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзге жоғары оқу орындары сияқты қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. Ал биылғы оқу жылынан бастап дәстүрлі форматқа қайта оралмақ. Осыған орай Қыздар университеті дайындық жұмыстарына жан-жақты кіріскен болатын.

"Ең алдымен Университеттің барлық білім алушылары мен олардың ата-аналарына "Жаңа оқу жылы қалай ұйымдастырылады?", "Жатақханаға орналасу процесі қалай жүргізіледі?" деген сияқты басты сауалдарға жауап беру мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған оқу орнының барлық институттарының студенттері қатысып, толыққанды ақпарат алды деп ойлаймыз. Осы тақілеттес түсіндіру жұмыстары институттар мен кафедраларда да ұйымдастырылуда", - деді Жандар Асан.

Бүгінде жоғарғы оқу орнының барлық корпустары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Жатақхана мен студент үйлерінде де санитарлық қауіпсіздік іс-шаралары барынша қамтамасыз етілген. Университке тиесілі ғимараттардың ішін тазалауға және қолды жууға арналған дезинфекциялық құралдардың қоры жеткілікті.

Оқу корпустары мен жатақханалардың кіре берісінде дене қызуын өлшейтін байланыссыз термометрлер, дезинфекциялық өткелдер қойылған. Ғимараттардың іші күн сайын бірнеше рет тазаланады.

Оқу орны аумағында коронавирус індетін таратпауға кепілдік беру үшін және қауіпсіздікті арттыру мақсатында "Ashyq" қосымшасы іске қосылған.

"Қазір оқу ғимараттары мен жатақханалардың кіреберісінде "Ashyq" қосымшасының QR коды бар арнайы тақтайша ілінген. Оқытушылар мен қызметкерлер және студенттер оны сканерлеп, нәтижесін тексерушіге көрсетуі тиіс. Бұл пилоттық жобаны университетке енгізуіміздің өзіндік себептері бар. Ең біріншіден, оқу орны қызметкерлері мен білім алушылары арасында вирустың таралуына тосқауыл қою", - дейді Жандар Асан.

Оның сөзінше, Қыздар университетінде жаңа оқу жылында дәрістер мен үлкен ағымдағы сабақтар Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн режімде жүргізіледі. Лекция кезінде топтың 50 пайыз онлайн режімде, 50 пайыз офлайн режімде білім алады. "Дене шынықтыру" пәні сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Ескеретін жайт, топта 1 студент ауырған жағдайда топқа карантин жарияланады және бүкіл топ онлайн режімге ауысады. Оқу форматына қарамастан студенттер жеке кабинетте орналастырылған пәннің барлық тапсырмаларын орындаулары қажет.

"Әрине, студенттерді дәстүрлі форматта оқыту үшін бірінші кезекте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталу керек. Міне, осы мақсатта көп жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда біздің қызметкерлер мен оқытушылардың 90 пайыздан астамы вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған. Ал білім алушылардың 83 пайызы екпе салдырды. Алдағы уақытта да вакцинаның маңызы жайындағы түсіндіру жұмыстары үздіксіз жалғасын таппақ", - деді Университеттің ресми өкілі.

Білім алушылар арасында әлеуметтік арақашықтық сақталу үшін ғимаратқа кіреберістен бастап, дәрісханалар мен кітапханалардағы орындықтарға дейін арнайы белгілер орнатылған. Әр қабат пен аудиторияларда антисептиктер мен ақпараттық баннерлер қойылған.

Университеттің Ғылыми кітапханасы да білім алушыларға кітап беру алгоритмін жасаған. Биылғы оқу жылында  Ғылыми кітапхана 5 институт студенттерін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен  қамтамасыз етуді оңтайлы жүзеге асыруға дайын.

"Айта кетерлігі, 2021-2022 оқу жылында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу үдерісі офлайн және онлайн форматта жүзеге асырылады. Офлайн оқытуға екпенің екі дозасын алған 1 курс студенттері (18 және одан жоғары жастағылар), екпенің екі дозасын алған 2,3,4 курс студенттері, "көк" немесе "жасыл" түсті мәртебесі бар білім алушылар жіберіледі", - деді Жандар Асан.

Тағы бір назар аударатын мәселел, 2021-2022 оқу жылында Университеттің жатақханаларында екпенің екі компонентін алған студенттер, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, мүгедектігі бар балалар және жоғарыда атап өткен риск тобына кірмейтін студенттер тұра алады.

Қорыта айтқанда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға толығымен дайын. Ең басты мәселе - білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқытуды жүйелі түрде жүргізу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети