Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығы бойынша PhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Сондай-ақ, "Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети