Дәулет Тұрлыханов Назарбаевқа жас ұрпақты бұқаралық спортқа баулу мәселелері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Тұрлыханов Назарбаевқа жас ұрпақты бұқаралық спортқа баулу мәселелері жайлы айтып берді ©Akorda.kz

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Халықаралық біріккен күрес түрлері федерациясының Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Халықаралық біріккен күрес түрлері федерациясының Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды.

"Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортты дамытумен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Дәулет Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауың нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғыс жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети