Даулы іс: Ақтау прокуроры кінәлі деп танылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даулы іс: Ақтау прокуроры кінәлі деп танылды Фото:gov.kz

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

9 қыркүйекте телеграм-арналарда Әбдіров Алматы әуежайында мас күйде шу шығарғаны үшін ұсталып, айыппұл салынғаны хабарланған еді. Кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бірінші сатыдағы сот Әбдіровты қалай ақтады?

Кейінірек сот Әбдіровтың қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтпағанын, басқа адамдарға тиісіп, оларға құрметсіздік білдірмегенін және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасамағанын анықтады. Сондай-ақ, сот автобустың қоғамдық көлік (орын) емес, арнайы көлік екенін ескерген. Ал сараптама прокурордың "есін білгенін, сөзі анық, ойын жеткізу қабілеті бұзылмағанын, уақытты, өзін және жағдайды дұрыс бағдарлағанын" анықтады.

10 қыркүйекте судья Иниятулла Досетов істі әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты. Өз кезегінде Алматының авиациялық көлік прокуроры Ақтау мамандандырылған сотының Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы шешіміне шағым түсірді.

Неге апелляция прокурорды кінәлі деп таныды?

Сот алқасы прокурордың кінәсіздігі жөніндегі бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары негізсіз екенін анықтады.

"Апелляциялық қарау барысында 2025 жылдың 27 тамызында сағат 23:00-де Ә. Алматы-Астана бағыты бойынша КС-955 рейсіне жолаушыларды тасымалдаған автобуста адамдарға тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны расталды. Ә-нің кінәсі іс материалдарымен, атап айтқанда: әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, куәгерлердің айғақтары, әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілері және рапорттарымен дәлелденді", – делінген хабарламада.

Қарау қорытындысы бойынша, алқа прокурор ұсақ бұзақылық жасаған деген шешімге келді. Бұл құқықбұзушылық ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген. Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың қаулысы заңсыз әрі негізсіз болғандықтан, ол күшін жойды, себебі сот барлық дәлелді толық зерттемеген және тиісті құқықтық баға бермеген.

"Нәтижесінде Ә. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети