Даулы видеодан кейін ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақынғали Дәрменов Ақынғали Дәрменов

Қарағандыда ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы болып Ақынғали Дәрменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы болып Ақынғали Дәрменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов Қарағандыдағы Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы - полиция полковнигі Ақынғали Дәрменовті таныстырды", - делінген министрлік хабарламасында. 

40 жастағы Дәрменов - Қостанай облысының тумасы. Алматыдағы ІІМ заң институтының түлегі, ҚР ІІМ академиясының адъюнктурасын аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы Германияда Маршалл атындағы қауіпсіздік жөніндегі Еуропа зерттеу орталығында оқыған, 2012 жылы Ұлыбританияда "Болашақ" бағдарламасымен Кембридж университетін аяқтаған. 

"Ақынғали Дәрменов ғылыми-дәріс беру саласында қажетті тәжірибесі бар, қатардағы тергеушіден бастап ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің басшысына дейін көтерілген. Академияны басқарған генерал-майор Кенжетаев ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Осыған дейін академияның бірінші курс басшысының орынбасарының өз әріптестерін құттықтаған видеосы дау тудырған. Артынша ол жұмыстан босатылды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro