Дәурен Абаев Ақтөбедегі жағдайға қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дәурен Абаев. © Tengrinews.kz Дәурен Абаев. © Tengrinews.kz

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 5 маусым күні Ақтөбеде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 5 маусым күні Ақтөбеде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше барлығымыз үшін ауыр күн болды... Лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, жарақат алғандардың сауығып кетуін тілеймін. Біздің полицейлер мен әскерилер қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, экстремистердің қылмыстық әрекеттерінің соққысын өздеріне қабылдады. Мұндай күрделі кезеңдерде қоғамдағы тұрақтылық көп жағдайда ақпараттық алаңға да байланысты. Сондықтан да ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріме дер кезінде ақпарат беріп отырғандары үшін алғыс айтқым келеді", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

"ІІМ баспасөз қызметі ақпараттарды жедел тексеріп, жедел жұмыс істеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының ашық ұстанымы халық арасындағы қауесеттердің таралмауына септігін тигізді. Біздің журналистерге де ақпараттарды ресми дереккөздерге сүйеніп, әділ бергені үшін алғыс айтамын. Біз ары қарай мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын көтеру үшін жұмыс істейміз", - деді ол.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro