Дәурен Абаев Астанада бір топ журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев Астанада бір топ журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді Дәурен Абаев

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада журналистердің ұсталуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада журналистердің ұсталуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 21 мамырда Бәйтерек монументінің алдында бір топ тілші, олардың ішінде Vlast.kz, Ratel.kz, "Қазақстан Жаңалықтары", Интерфакс-Қазақстан" тілшілері ұсталған болатын. Олар аудандық ІІБ-ге жеткізіліпті.

"Әріптестеріміздің ұсталғанын жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына келе жатқан кезде біліп, ішкі істер министрімен байланысқа шықтым. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, олардың не себепті ұсталғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, ол журанлистердің жақын арада босатылуы мүмкін екенін айтты", - деді Абаев тілшілерге.

Ол журналистерге қолдау білдіретінін де айта кетті. Абаев мұндай жағдай қайталанбауы үшін ішкі істер министрлігімен жұмыс жасайтынын да жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети