ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада журналистердің ұсталуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада журналистердің ұсталуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 21 мамырда Бәйтерек монументінің алдында бір топ тілші, олардың ішінде Vlast.kz, Ratel.kz, "Қазақстан Жаңалықтары", Интерфакс-Қазақстан" тілшілері ұсталған болатын. Олар аудандық ІІБ-ге жеткізіліпті.
"Әріптестеріміздің ұсталғанын жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына келе жатқан кезде біліп, ішкі істер министрімен байланысқа шықтым. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, олардың не себепті ұсталғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, ол журанлистердің жақын арада босатылуы мүмкін екенін айтты", - деді Абаев тілшілерге.
Ол журналистерге қолдау білдіретінін де айта кетті. Абаев мұндай жағдай қайталанбауы үшін ішкі істер министрлігімен жұмыс жасайтынын да жеткізді.