12 тамыз 2016 | 17:16

Дәурен Абаев заңға қайшы мәліметі бар сайттардың үстінен қайда шағымдану керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев заңға қайшы мәліметі бар сайттардың үстінен қайда шағымдану керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәурен Абаев заңға қайшы мәліметі бар сайттардың үстінен қайда шағымдану керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, біздің министрлік сайтында "Шағымдану" бөлімі ашылды. Ол жерге кез келген азамат Интернетте Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпараттың жарияланғаны туралы хабарламасын қалдыра алады. Мәселе негізінен әлеуметтік желілердегі суицидті, есірткіні насихаттаған, терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және сайттарға қатысты", - деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, аталған бөлімде қолданушы заң бұзушылық категориясын таңдап, материалдың сілтемесін енгізіп, шағымын уәкілетті органға жолдай алады.

"Біз тіркелу формасының қолданушы үшін барынша ыңғайлы, қарапайым болуын қамтамасыз етуге тырыстық.
Министрлік әрбір шағым бойынша жедел әрекет етіп, жарияланған материалдарға құқықтық баға береді. Егер заң бұзушылық нақтыланса, олар еліміздің аумағында бұғатталады", - делінген хабарламада. 

"Сонымен қатар, бізге журналистер тарапынан қандай да бір ресурстың не себепті бұғатталғаны туралы сұраным жиі түседі. Осы орайда біз мұндай ақпарат қоғам үшін ашық болуы керек деп санаймыз. Сондықтан алдағы уақытта ресурстардың жабылуының себебін көрсете отырып, бұғатталған сілтемелер базасын құруды жоспарлап отырмыз. Егер өзіңізге немесе жақындарыңызға қауіп төндіретін контентті көрсеңіз, сілтемесін мына адреске жолдауыңызға болады: https://mic.gov.kz/kk/complain", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда заңсыз деп танылған 26 мың сайт пен сілтеменің жабылғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети