Дауысыңды естісін - “The Voice Қазақстан“ сахнасы ашық!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дауысыңды естісін - “The Voice Қазақстан“ сахнасы ашық! Фото: "Хабар" Агенттігі" АҚ

Күзгі телемаусымда "Хабар" телеарнасында көптен күткен премьера - әлемдік аренада миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған "The Voice" вокалдық шоуының ұлттық нұсқасы - "The Voice Қазақстан" көрерменге жол тартады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзгі телемаусымда "Хабар" телеарнасында көптен күткен премьера - әлемдік аренада миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған "The Voice" вокалдық шоуының ұлттық нұсқасы - "The Voice Қазақстан" көрерменге жол тартады.

Әлемді мойындатқан бұл формат енді қазақстандық сахнада, отандық орындаушылардың ерекше дауысы, харизмасы және шын эмоцияларымен жаңаша сипат алады.

Онлайн Кастинг өз жұмысын бастады! Қатысу үшін @castingKzBot Telegram-ботына кіріп, вокалдық орындауыңыздың бейнежазбасын жолдасаңыз жеткілікті.

Шоуға 16 мен 59 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Үміткерлер "көрмей тыңдау" арқылы іріктеледі - яғни, тәлімгерлер тек естігеніне сүйене отырып шешім қабылдайды. Бұл - әділдік пен шынайы талантты бағалаудың таптырмас тәсілі.

Болашақ жұлдыздарға бағыт беретін жобаның жұлдызды тәлімгерлері: композитор Байғали Серкебаев, әншілер TURAR мен Мейрамбек Бесбаев, музыкалық продюсерлер Бағым Мұхитденова және Баян Алагөзова.

Жобаның продюсері Айгүл Ақсамбиева:

"Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен 400 үміткер іріктеледі, кейін олардың саны 200-ге, сосын 100-ге дейін қысқарады. Ал сол 100-ден 60 қатысушы "көрмей тыңдау" кезеңіне өтеді. Бұл өте қатаң әрі әділ іріктеу. Одан кейінгі кезеңдер: баттлдар, нокауттар, жартылай финал мен финал. Тікелей эфирде үш шоу өтеді - ширек финал, жартылай финал және финал. Барлығы "Хабар" арнасында көрсетіледі".

Жоба авторлары бұл телешоудың қазақ телевизиясына жаңа тыныс әкелетініне сенімді. Бірақ бастысы талантты орындаушыларға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік туып отыр.

"The Voice Қазақстан" жобасы жай ғана табысты форматты бейімдеу емес. Бұл - қазақстандық орындаушыларға арналған жаңа сахна, таланттарға өздерін танытуға жол ашатын алаң.

"Хабар" Агенттігі әрдайым жас талаттарды қолдап, отандық жобаларды дамытуды басты міндеттердің бірі санап келеді. Біз бұл сахнада тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде естілуге лайық ерекше дауысы бар таланттар танылады деп сенеміз", - деді "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Күздің ең әсерлі музыкалық шоуы эфирге шығуға дайын. "The Voice Қазақстан" - басталды!

Жаңалықтардан хабардар болу үшін "Хабар" агенттігінің ресми парақшаларына жазылып алыңыздар.

Tengrinews
"Хабар" Агенттігі" АҚ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети