ДДСҰ Түрікменстанның елде коронавирус жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ Түрікменстанның елде коронавирус жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтерінің ғимараты. Фото ©РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аға қызметкері Түрікменстанның елде COVID-19 ауруы жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InTimes сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аға қызметкері Түрікменстанның елде COVID-19 ауруы жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InTimes сайтына сілтеме жасап. 

ДДСҰ өкілі алғаш рет Түрікменстанның елде COVID-19-дың бірде-бір оқиғасы тіркелмеді деген мәлімдемесіне күмән келтірді.

"Әлемде бұл ауру екі жылға жуық уақыт бойы таралды. Ғылыми тұрғыдан алғанда, вирустың Түрікменстанда тарамауы екіталай", - деді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аға қызметкері Кэтрин Смоллвуд.

Сарапшылардың пікірінше, Түрікменстанның коронавирус бойынша ресми статистикасы сенімсіз.

"Бір себеп - үкіметтің репрессивті, автократиялық сипатта болуы. Түрікменстан билігінің "деректерді жасыру, шындықты айтқандарды жазалайтыны бар", - деді Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімі директорының орынбасары Рейчел Денбер.

Доктор Смоллвуд Түрікменстандағы делегация қорғаныс маскаларын қолдану сияқты бәрі қолданатын нақты әрекеттерді ұсынғанын айтты. Оның айтуынша, ДДСҰ әр елде "түрлі жағдай, түрлі саяси шындық, жауап берудің түрлі техникалық мүмкіндігі" бар екенін ескеру керек.

"ДДСҰ ұйымға мүше мемлекеттермен ерікті ынтымақтастыққа, қарым-қатынасқа арқа сүйейді. Мүше мемлекеттермен жалғыстыратын ашық диалогымыз бар, қандай жағдай болмасын, оны жалғастыра береміз", - деді ол. 

Түрікменстан - Солтүстік Кореяны қосқанда, коронавирус жоқ дейтін елдің бірі. Доктор Смолвудтың пікірі - ДДСҰ-ның Түрікменстанның мәлімдемесіне жасаған бірінші қоғамдық сыны, өйткені елде бейресми түрде COVID-19 жағдайларының көбеюі туралы хабарланды.

Бұған дейін Түрікменстанның медициналық мекемелері COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауыратын науқастардың көп келгеніне үлгере алмайтыны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети