Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) атипиялық пневмониямен ауырғандарды коронавирус жұқтырғандардың тізіміне қосу туралы мәселеге қатысты жауап күтіп отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және халықаралық ұйымдармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Себебі, қазіргі таңда ДДҰ-ның ұсынысы бойынша ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен деректер ғана коронавирус статистикасына енеді. Бұл ақпаратты қарап жатырмыз. Сауал жібердік, ДДҰ-дан жауап күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы тиісті деректер есепке алынады", - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
"Әрбір елдің статистика мен есепті жүргізудің өз жолы бар. Біз оны бір ізге келтіріп, басқа елдермен бірге болғымыз келеді", - дейді Людмила Бюрабекова.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан 5 айда шетелден 154,3 миллиард теңгеге дәрі сатып алғанын, елімізде коронавирус статистикасының неге дұрыс болмағанын түсіндіріп, Тәжікстанға жасанды тыныс алдыру аппараттарын жеткізу мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, коронавирус пандемиясы кезінде елімізге шетелден 98 жасанды таныс алдыру аппараты жеткізілгені белгілі болды.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 63 514-ке жетті. 38 008 науқас дертінен айықты, 396 адам қайтыс болды.