24 қазан 2020 | 10:21

ДДҰ еуропалықтарды алкоголизммен күресте Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

ДДҰ алкоголизммен күресте Қазақстан мен ТМД елдерінен үлгі алу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ДДҰ алкоголизммен күресте Қазақстан мен ТМД елдерінен үлгі алу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ ақпаратында ТМД елдері 2025 жылға қарай алкоголь пайдалану деңгейін 10 пайызға азайта алатыны айтылған. Бұл туралы ДДҰ Еуропалық бюросы хабарлады, посткеңестік мемлекеттер алкоголизмге қарсы экономикалық тиімді шараларды жүзеге асыруда пионер болғаны атап өтілді.

Сарапшылар ТМД елдері, әсіресе Шығыс Еуропада, көптеген ғасыр бойы халық арасында алкоголизмнің деңгейі жоғары болғанын және қазір де аймақтың көптеген тұрғыны әлі де алкогольді теріс пайдаланатынын атап өтті. ТМД елдерінен, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан билігі - бұл мәселені шешуге шындап кірісті.

Атап айтқанда, бұл елдер алкоголь өнімдеріне акциздерді көтерді. Алкоголь жарнамасы реттелді, алкоголь сатылатын жерлерге физикалық қол жетімділік шектелді - сондықтан кез келген бұрышта "бөтелке сатып алу" мүмкін емес. Мұндай стратегия жемісін берді. 2010-2016 жылдар аралығында бүкіл өңірде алкогольді жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші төмендеді.

"ТМД елдері алкоголь саясатының белгілі бір шараларын алғаш жүзеге асырғандар болды, мысалы, алкогольдың минимал құнын белгілеу немесе алкоголь өнімдерін сатуға толық тыйым салу...", - деді ДДҰ өкілі Нино Бердзули.

Сонымен қатар, ДДҰ хабарлауынша, посткеңестік елдердің көбі шығындар бойынша оңтайлы шешімдер қабылдайды. Олардың стратегиялары үлкен ресурстарды қажет етпейді, керісінше, мемлекеттік қазынаны толықтырады.

ДДҰ-ның еуропалық аймағына кіретін басқа елдерге алкоголизммен күресте ТМД тәжірибесін белсенді енгізуге ұсыныс айтылды және 2019 жылы 4-5 желтоқсанда Мәскеуде өткен ДДҰ жұмыс кеңесінің нәтижелері бойынша дайындалған баяндамамен танысу керегі айтылды. Баяндамада алкоголь өнімінің бағасын белгілеу, маркетинг және таңбалау бойынша шараларды іске асыру барысындағы жетістіктер мен қиындықтар және басқалары көрсетілген.

Жақында ДДҰ 2020-2025 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын әзірлеген болатын, онда алкогольді теріс пайдаланумен күрес бойынша жаңа міндеттер белгіленді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети