Қазнетте ДДҰ-ның ПТР-тестілердің кемшілігі бар екенін мойындап, тестілердің бұл әдісі COVID-19 анықтау үшін жарамсыз деп танығаны туралы мәлімет тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Қазнетте ДДҰ-ның ПТР-тестілердің кемшілігі бар екенін мойындап, тестілердің бұл әдісі COVID-19 анықтау үшін жарамсыз деп танығаны туралы мәлімет тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Олар бұған дәлел ретінде осы жылдың 14 желтоқсанында ұйымның сайтында жарияланған хабарламаға сүйенген.
Фото: stopfake.kz
Жарияланған хабарламада ПТР талдауы арқылы тестілеу әдістемесі туралы жазылған.
Хабарламаға сәйкес, мұндай тестілеуден соң жалған оң нәтиже алу қаупі бар. Сондай-ақ, вирустың концентрациясы төмен науқастарда жалған нәтиже болуы мүмкін.
"ПТР құру принципі айналым вирусының деңгейі жоғары (вирустық жүктеме) пациенттер үшін вирусты анықтау үшін салыстырмалы түрде аз цикл қажет болады, сондықтан циклдың жоғары шегінің (Ct) мәні төмен болады. Керісінше, үлгілерде Ct-нің мәні жоғары болса, бұл вирусты анықтау үшін көп цикл қажет болғанын көрсетеді. Кейбір жағдайларда фондық шу мен мақсатты вирустың нақты болуы арасындағы айырмашылықты анықтау қиынға соғады. Осылайша, нұсқаулықта ПТР оң нәтижесінің шегінде немесе оған жақын үлгілерді қалай түсіндіруге болатыны көрсетіледі", – делінген мәтінде.
Одан ары жалған нәтижеге жол бермеу бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, мамандарға клиникалық белгілерді, індетті жұқтырған адамдармен байланысудың расталған жағдайларын және тағы басқа ескеру ұсынылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!