03 шілде 2023 | 12:05

Дефляция: азық-түлік бағасы бір жарым жылда алғаш рет төмендей бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

"Кейінгі бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Жылдық есеппен есептегенде, ЖҚТБ баға индексі 109,1 пайыз болды", - деп түсіндірді бюро.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осыған қатысты бұл күтілген дефляция екенін айтты.

"Алты айда біз долларға қатысты 3 пайызға, ал рубльге қатысты бірден 19 пайызға өстік", - деді ол Telegram-арнасында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағаның өзгеруі туралы ақпаратты жинау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада жүзеге асырылады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети