“Декларацияның мерзімі өтіп кеткен“: қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Декларацияның мерзімі өтіп кеткен“: қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді

Полиция қазақстандықтарға декларацияға байланысты жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қазақстандықтарға декларацияға байланысты жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады және салық декларациясын уақытында тапсырмағанын айтады.

Олар азаматтардың шоттары бұғатталатынын айтып, "мәселені шешу" үшін үш күн ішінде әрекет ету керектігін жеткізеді. "Жеке тұлғаны растау" үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша алаяқтар азаматтардың банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын ұрлап алады.

Фото: threads скриншоты

Полиция ескертуі: мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай хабарламалармен азаматтарға қоңырау шалмайды және ешқашан растау кодтарын сұрамайды.

"Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және басқа да жеке мәліметтерді айтпаңыз. Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандықтар онлайн-алаяқтардың құрбаны болып, миллиардтаған ақшасынан айырылып жатқанын жазған едік. Алаяқтар үнемі жаңа схемалар ойлап табады, ал олардың тұзағына интернетті белсенді пайдаланушылар да, егде жастағы адамдар да түсіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети