08 желтоқсан 2021 09:19

"Декретке миллионмен шығу". Жүкті әйелдер қандай төлем ала алады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Болашақ анаға қандай төлемдер төленеді? Бірнеше жұмыс орнынан декреттік демалыс алуға бола ма? Tengrinews.kz тілшісі Әйгерім Әбілмәжитова декреттік демалысқа шығу туралы кеңестерді жазып шықты.


Болашақ анаға қандай төлемдер төленеді? Бірнеше жұмыс орнынан декреттік демалыс алуға бола ма? Tengrinews.kz тілшісі Әйгерім Әбілмәжитова декреттік демалысқа шығу туралы кеңестерді жазып шықты.

Редакция сұрақтарына бухгалтер қызметі жөніндегі кеңесші Ұлмекен Сарман жауап берді.

Жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала тууға (асырап алуға) байланысты қандай төлемдер алуға болады?

  1. Мемлекеттік біржолғы жәрдемақы.
  2. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (бір жасқа толғанға дейін).
  3. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем (декреттік төлемдер).

Бұл мақалада біз біржолғы әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселелерді талдаймыз.

Декреттік демалыс қашан басталады?

Қазақстанда декреттік демалысқа болашақ аналар жүктіліктің 30-аптасынан шығады. Ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер - 27 аптадан бастап.

Егер болашақ ана ресми түрде жұмыс істесе, онда оған жүктілік және босану бойынша демалыс беріледі. Бұл демалыстың ұзақтығы - 126 күн (босануға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн). Қиын босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 140 күн (босануға дейін күнтізбелік 70 күн және босанғаннан кейін күнтізбелік 70 күн) беріледі. Бұл демалыс еңбек өтілі ретінде есептеледі және ақылы демалысқа мүмкіндік береді.

Бала туылғаннан кейін үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс берілуі мүмкін. Сондай-ақ, ол еңбек өтіліне есептеледі, бірақ жалақы сақталмайды. Осындай демалыс бала асырап алған ата-анаға да беріледі.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді (декреттік төлемдер) кімдер алады?

Жұмыс істейтін әйелдер, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары. Яғни, егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, сізде ЖШС бар болса және декретке шыққанға дейін әлеуметтік есептеулер жүргізсеңіз, сіз де осы төлемге сене аласыз.

Максимал төлем алу үшін декреттік демалысқа дайындықты қашан бастау керек?

Жүктілік басталғанға дейін кемінде 5 ай бұрын. Өйткені төлемдер сомасы болашақ ананың соңғы 12 айдағы табысына байланысты.

Егер жалдамалы қызметкер болсаңыз, онда жұмыс берушіден сізге мынадай жарналар аударыла ма анықтауыңыз керек:

  1. Міндетті зейнетақы жарналары;
  2. Міндетті медициналық сақтандыру қорына жарналар;
  3. Әлеуметтік аударымдар.

Консультант Ұлмекен Сарманның айтуынша, осы әлеуметтік аударымдар сомасы бойынша босанғанға дейінгі төлемдер сомасы есептеледі.

"Көп адам бір жолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері зейнетақы аударымдарына байланысты деп ойлайды. Ол - қате. Есептеу кезінде соңғы 12 айда жасалған әлеуметтік аударымдардың сомасы алынады. Сол бойынша сіздің орташа айлық табысыңыз есептеледі. Егер сіз декретке шыққанға дейін жеті ай жұмыс істеген болсаңыз, онда осы кезеңдегі жалпы сома 12-ге бөлінеді. Тиісінше, декреттік төлемдер аз болады. Сондықтан мен әлеуметтік аударымдарды тексеруге кеңес беремін."

Егер сіз жалдамалы қызметкер болсаңыз, әлеуметтік аударымдарды қалай тексеруге болады?

Ақпаратты сайттан алуға болады Egov.kz (ЭЦҚ немесе мобильді базада тіркелген ұялы нөмір болған жағдайда):

Азаматтарға - Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту - Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу - Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру.

Декреттік төлемдер қалай есептеледі?

Ол мынаны білу керек:

  1. Әлеуметтік аударымдарға сәйкес табыстың орташа айлық мөлшері, мысалы 200 000 теңге.
  2. Еңбекке жарамсыз күндер санының коэффициенті. Ол жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санын бөлу арқылы анықталады.

Босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге (босануға дейін күнтізбелік 70 күн және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн), асқынған босану немесе көп ұрықты жүктілік кезінде – 140 күнге беріледі.

Егер декреттік демалыс 126 күнге берілсе, онда коэффициент 4,2 болады.
126/30=4,2.

Егер аурухана қағазы 140 күнге берілсе, онда коэффициент 4,6 болады.
140/30=4,6.

Декреттік төлемдердің максимал сомасы қандай?

Декреттік төлемдерді максимал шектен жоғары алуға бола ма?

Егер сіз ресми түрде екі ұйымда жұмыс жасасаңыз немесе жұмыспен қатар бизнес жүргізсеңіз. Мысалы, сіз компанияда жұмыс істейсіз, сондай-ақ бос уақытыңызда үйде торт пісіресіз және сізде жеке кәсіпкерлік (ЖК) патенті бар.

2023 жылға дейін жеке кәсіпкерлер салық төлеуден босатылғанын ескере отырып, ЖК ретінде декреттік төлемдерді алу үшін жыл бойы ай сайын мынадай төлемдерді аудару қажет:

  1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  2. Әлеуметтік аударымдар;
  3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘСМ) қорына жарналар.

Егер ЖК ретінде айына 297 500 теңге алатын болсаңыз, онда сіз ай сайын аударуыңыз керек:

  1. МЗЖ - 29 750 теңге;
  2. Әлеуметтік аударымдар - 10 413 теңге;
  3. МӘМС бойынша жарна - 2 975 теңге.

Барлығы: ай сайын 43 138 теңге.

Декреттік төлемдер алу үшін құжаттарды қашан тапсыру керек?

Қазақстанда декреттік демалысқа жүктіліктің 30-аптасынан бастап шығады. Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер - 27 аптадан бастап. Осы мерзімнен бастап сіз құжаттарды тапсыра аласыз. Бірақ жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күннен бастап он екі айдан кешіктірмей.

Ұлмекен Сарман декреттік демалысқа дәл осы айдың басында шығуға кеңес береді.

"Егер қарашаның аяғында декреттік демалысқа шығуды жоспарласаңыз, оны желтоқсанның басында жасаған дұрыс. Егер сіз қарашада шықсаңыз, ағымдағы ай есептелмейді және сіз декреттік төлемдерді аз аласыз."

Декреттік төлем алу үшін қандай құжаттар тапсыру керек?

Құжаттар "Азаматтарға арналған үкіметтің" филиалдарына, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырылуы тиіс.

8 жұмыс күні ішінде өтініш қаралып, төлем тағайындау туралы шешім қабылданады. Нәтижесі СМС-хабарлама арқылы келеді. Маманның айтуынша, төлем тағайындалмағаны туралы хабарлама келсе, бірден көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ. Дұрыс толтырылмаған құжаттар түзетілуі, қайта жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, сізде уақыт бар - демалыс құжаты берілген күннен бастап бір жыл.

Қажетті құжаттар:

  • Жүктілікке және босануға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы. Сіз оны клиникадан, тіркелген әйелдер бөлімінен ала аласыз. Ол үшін акушер-гинекологты алдын ала ескертіп, жұмыс орнынан анықтама және жеке куәлік көшірмесін ұсыну қажет. Егер сізде бірнеше жұмыс орны болса, онда әр ұйымнан еңбекке жарамсыздық парағы қажет;
  • Өтініш (ХҚКО-да толтырылады);
  • Жеке басын куәландыратын құжат.
  • Есепшотыңыздың жиырма таңбалы нөмірін көрсететін банк-анықтамасы. Арнайы шоттарға аударылған төлемдерге тыйым салынбайтынын ескерген жөн.

Егер ЖК (жеке кәсіпкерлік) болса, қосымша қажет құжаттар:

  • Жеке кәсіпкердің талоны (ww.elicense.kz сайтынан табуға болады, ЭЦҚ қажет);
  • Мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірмесі (құжатты салық төлеушінің кабинетінен алуға болады, ЭЦҚ қажет).

Жүкті әйелді декреттік демалысқа шығар алдында жұмыстан шығаруға бола ма?

Төлемдерді алу үшін жүкті әйел жұмысқа орналасып, декреттік демалысқа кетуі керек. Яғни, егер сіз 30-аптаға дейін өз еркіңізбен жұмыстан шықсаңыз, біржолғы әлеуметтік төлем ала алмайсыз. Егер жүкті әйел жұмыс берушіге тиісті анықтаманы ұсынып қойса, онда жұмыс беруші жүкті әйелді жұмыстан шығаруға құқылы емес.

Жүкті әйелге қандай еңбек құқығы қарастырылған?

  • Жұмыс беруші жүкті әйелді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарта алмайды, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақырта алмайды;
  • Егер медициналық қорытынды болса, жұмыс беруші жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиян және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыруы тиіс;
  • Мерзімі 12 аптадан басталатын жүкті әйелдер вахталық жұмыстарға жіберілмейді.
  • Өтініш бойынша жұмыс беруші жүкті әйелге толық емес жұмыс режимін белгілей алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети