Дели әуежайында қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дели әуежайында қазақстандық ұсталды © REUTERS

Дели әуежайында жалған билетпен жүрген қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дели әуежайында жалған билетпен жүрген қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дели әуежайында Қазақстан азаматы ұсталды. Үндістандағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміндегілер бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Полицияның мәліметінше, ереже бұзушыға 10 мың рупия көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ол қамауға алынған жоқ. Оны ұстаған, бірақ қажетті хаттамалар толтырылған соң ол бостандыққа шықты", - деп хабарлады СІМ ресми өкілі брифинг барысында.

Ведомство мәліметінше, әуежайдағылар қазақстандықтың паспортын алып қойды. Құжат тек айыппұл төленген соң әкімшілік сотта қайтарылады. Алдын ала мәлімет бойынша, жалған билетті қазақстандық әуекомпаниясы жасаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети