19 қаңтар 2021 17:58

"Демалмай тұрдық". Семейдің маска тақпай суретке түскен депутаттары Желіде қызу талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж © Tengrinews.kz Фото: arnapress.kz Фотоколлаж © Tengrinews.kz Фото: arnapress.kz

Семейдің мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов жаңа шақырылым депутаттары маскасыз және әлеуметтік қашықтықты сақтамай отырған суреттеріне қатысты пікір білдірді. Депутаттар VII шақырылған Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында суретке түскен, артынша ол әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен, - деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ақжаловтың сөзінше, депутаттар тек екі рет суретке түскен. Біріншісінде маскамен отырған. 

"Сосын адамдар маскасыз естелікке суретке түсуді сұрады. Арамызда екі-үш білікті дәрігер бар, олар 30 секундтай демалмай тұрсақ бірден суретке түсіріп алатынын айтты. Бұл ешқандай заң бұзушылық емес. Біз жүріп, орнымызды ауыстырған жоқпыз. Тек масканы шешіп, суретке түсіп, қайтадан тағып алдық. Ешқандай бүлік көріп тұрған жоқпын", - дейді ол.  

Депутаттар түскен суретті Семейдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зерттеп жатыр.

"Біз мәслихат хатшысына қайтадан жібердік, ол жауап беруі керек. Олар бір минутқа масканы шешіп, суретке түскендерін айтады. Олай, әрине, болмайды, қазір әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, барлық жерде маска тағу режимі. Біз өз тарапымыздан бақылауға аламыз", - деді басқарма басшысы Берік Тілебалдин. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети