20 шілде 2020 | 09:49

"Демалушылар карантинге мән бермейді". Бурабайға блокбекет орнату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kz Фото: 24.kz

Карантинге байланысты жабылған Бурабай жағажайларына демалуға келетін халықты тоқтату үшін ТЖ кезіндегідей блокбекет орнату қажет. Бұл туралы Ақмола облысы Бурабай ауданының бас санитар дәрігері Сералы Жолдоспаев мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Карантинге байланысты жабылған Бурабай жағажайларына демалуға келетін халықты тоқтату үшін ТЖ кезіндегідей блокбекет орнату қажет. Бұл туралы Ақмола облысы Бурабай ауданының бас санитар дәрігері Сералы Жолдоспаев мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.

Ақмола облысындағы "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде әр демалыс сайын "жабайы" жағажайларға туристер көп жиналады, олар суда жүзуге ресми тыйымға немесе карантин туралы жазбаларға мән бермейді екен.

Сақтық шараларын ұмытып, мыңдаған демалушы бос уақытын санитарлық нормаларды сақтамай өткізеді. Жауапты қызметтер мен полиция амалсыз: рейдтер жүргізіліп жатыр, бірақ туристер одан қорықпайды, деп хабарлайды телеарна.

Бурабайдағы жабайы жағажай бірнеше шақырымға созылған. Демалушылар журналистерге туған күн атап өтуге немесе достарымен кездесуге келгендерін айтты.

Телеарнаның хабарлауынша, демалушылар санитарлық нормалар, маска режимі, тіпті әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Полицейлер рейдтер ұйымдастырып жүр. Алайда карантин талаптарын бұзушының көбі тек ауызша ескертулермен құтылады. Шектеу шаралары енгізілгеннен бері 8 адамға ғана айыппұл салынған.

Ал санитар дәрігер одан құтылудың жалғыз амалын айтты.

"Шамасы, халық мұның қатерін түсінбейді. Осындай жағдай болып отыр. Менің ойымша, туристердің келуін реттейтін бірден-бір шара - бұл төтенше жағдай кезіндегідей блокбекеттер орнату", - деді ауданның бас санитар дәрігері Сералы Жолдоспаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети