Демалыс базасындағы жаттықтырушылар жанжалы: оқиғаның мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Зерендідегі демалыс базаларының бірінде жаттықтырушылар жанжал шығарды. Оқиғаның жалғасы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зерендідегі демалыс базаларының бірінде жаттықтырушылар жанжал шығарды. Оқиғаның жалғасы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Зерендідегі демалыс базаларының бірінде өзін жаттықтырушылармыз деген ер адамдар жанжал шығарды. Хабарламаға сәйкес, ер адамдар ішімдік ішіп, өзгенің бөлмесіне кірмек болған, әйелдер мен балаларды қорқытып, түн ортасында айқайлап, балағат сөздер айтқан, кейін полициямен жанжалдасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @anticor_media_center

Tengrinews.kz тілшісіне жауап берген Қазақстанның қоян-қолтық ұрыс федерациясы даулы видеодағы адамдардың бірінің есімін атап, оның федерация қызметкері емес екенін хабарлады.

"Ол федерацияда ресми түрде жұмыс істемейді, "Дарын" спорт кешенінде залды жалға алады. Сол күні "Дарын" спорт кешенінің қызметкерлері аталған демалыс базасында демалып, кешке үйлеріне қайтып кеткен, коттеджді жалға алу ақысын өз қаражаттарынан қолма-қол төлеген – федерация қаржысы есебінен емес. Зейноллаев сол демалыс орнында қалған және түнгі 12-де әкімшілік құқықбұзушылық жасаған", – деп мәлімдеді федерация өкілдері.

Кейін құқықбұзушыға қатысты полиция қызметкерлері Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша материал толтырғаны белгілі болды. Зеренді аудандық сотының шешімі бойынша, оған әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.

Қылмыстық іс және лицензиядан айыру

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерін көпшілік алдында қорлаған ер адамның заңсыз әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, басқа қатысушылардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі... Полиция департаменті қылмыстық іс аясында осы азаматты жаттықтырушы лицензиясынан айыру туралы ұсынысты уәкілетті органға жолдады", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети