11 тамыз 2017 14:36

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 12-14 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 12-14 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

"Биіктік барометрлік ойпаттар Таймыр аудандарынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа алып келеді. осының әсерінен республиканың көптеген бөліктерінде ауа температурасы төмендейді, сондай-ақ кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейбір аудандарда тұман, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Температуралық фон солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 2-12 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-25 тен 20-30 градус0а дейін біртіндеп жоғарылайды", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 12 тамызда жаңбыр, кей найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласы бойынша 12 тамызда түнде жел 15-20 м/с-қа күшейетені айтылады. Ал 12 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети