Синоптиктер 26-28 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 26-28 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Ауқымды антициклон республиканың көптеген бөліктеріне әлі де ықпал етеді. Осының әсерінен аз бұлтты және ыстық ауа райы сақталады. Тек аумақтың батысында атмосфералық фронттың өтуімен байланысты - өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз термометр бағаналары 28-38 градус жылыға дейін қызады, ал шығыс, батыс және оңтүстік-шығыста 25-33 градус жылыға дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.