Синоптиктер 7-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 7-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"Қазақстан аумағы арқылы жылжыған антициклон, демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығысқа қарай антициклонның жақындауына байланысты Иран ауданынан Қазақстанға жылы ауа массалары келетін болады. Сондықтан демалыс күндері республикада температураның жоғарылауы күтілуде. Шығыс облыстарында температураның жоғарылауы дүйсенбі күні күтіледі", - деді синоптиктер.