Синоптиктер 14-16 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 14-16 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасының төмендеуі күтілмейді.
"Қазақстан территориясына жылы және жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон өтіп барады. Оның соңынан батыс өңірден атмосферлық фронттар енеді және шығысқа қарай жылжу кезінде кей жерлерде жаңбыр жауады. Тропосферада оңтүстік-батыс ағындардың және Таяу Шығыс аудандарынан ауа массаларының келуі сақталады. Сол себептен фронттардың өтуімен температураның күрт төмендеуі күтілмейді",- деді синоптиктер.