Синоптиктер 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері тұман болып, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады.
"Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын жауады, яғни жаңбырдың соңы қарға ауысуы, тұман және көктайғақ кутіледі. Республиканың қалған аумағында атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады",- деді синоптиктер.