Синоптиктер 2017 жылғы 9-11 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2017 жылғы 9-11 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклонның әсерінен елімізде қар жауып, бұрқасын болады.
"Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытында ауысуын жалғастырады. Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болып, кей жерлерде 18-25м/с күшті екпінді жел және көктайғақ тудырады", - деп хабарлады синоптиктер.
Сенбіде циклонның шығуымен республиканың көптеген облысында температурының жоғарылауы күтілуде, ол дүйсенбі күні суық түсумен ауысады. Күтілетін қар жауу, бұрқасын және көктайғақ, әсіресе таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті.