09 ақпан 2018 | 16:02

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 10-12 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 10-12 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыста бірқалыпты аяз және жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Қазақстанның ауа райын әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Сондықтан демалыс күндері бірқалыпты аяз, түнде және таңертең тұман күтілуде, күндіз көптеген аймақтарда шамалы бұлтты, күн шуақты болады", - деп болжады мамандар.

Астана қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

10 ақпандағы жай-күй бойынша: аз бұлтты, жауын-шашынсыз. 5-10 м/с жылдамдықпен шығыс желі соғады. Түнде ауа температурасы -15-17 градус, күндіз -7-9 градус болады.

11 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс, солтүстік-шығыс желі - 7-12м/с соғады. Түнде ауа температурасы -18-20 градус, күндіз -10-12 градус  болады.

12 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс желі 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -18-20градус, күндіз -9-11 градус.


Алматы қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

10 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде -9-11 градус, күндіз -1-3 градус.

11 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9 градус, күндіз +1+3 градус  болады.

12 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -5-7 градус, күндіз + 1 + 3 градус.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети