Синоптиктер 24-26 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 24-26 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде қар, боран және желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Басқа күндерде тұман болуы мүмкін. Өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қаркөшкін жағдайына ешқандай өзгеріс туғызған жоқ. Бұрқасын және желдің күшеюі тіркелмеді. Қаркөшкін жағдайы алаңсыз күйінде сақталады", - деді "Қазгидромет"өкілдері.
Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте (24-26 ақпанда) Қазақстанның таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіндері болмайтыны айтылады. Бірақ синоптиктер қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салып, тауда абай болуды айтады.