Синоптиктер 23-25 маусым аралығында ауа райы қандай болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер 23-25 маусым аралығында ауа райы қандай болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай тұрып, жаңбыр жауады.
"Қазақстанға қысқа мерзімді үзілістен кейін Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын және дымқыл ауа массалары қайта келе бастады. Бірақ алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және орталық облыстарына Ираннан өте жылы ауаның шығуы жалғасады, Бұл Қазақстан арқылы жылжыйтын атмосфералық фронттардың шиеленісуіне алып келеді. Сондықтан демалыс күндері республиканың басым облысында найзағайлы жаңбыр, күшті екпінді жел, кей жерлерде бұршақ және ауа температурасының төмендеуі болжанады", - деді "Қазгидромет" мамандары.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында антициклонның әсерінен бұлтты және жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады. Ауа температурасы 32-37 градусқа, кей жерлерде 40…43 градусқа жоғарылайды.