Синоптиктер 8 - 10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 8 - 10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклондардың әсерінен еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жылы ауа райы сақталады және жауын-шашын болмайды.
"Еліміздің қалған өңірлеріне салқын атмосфералық фронттар әсер етіп, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулікте күзгі ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.