Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апта аяғында ел аумағына солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан аяз болып, жауын-шашын жаумайды.

"Алайда 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсер ете бастайды. Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 21 наурызда республиканың басқа да бөлігін қамтиды. Сондықтан ауа температурасы көтеріліп, ауа райы нашарлауы мүмкін. Қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, демалыс күндері республикада тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети