"Қазгидромет" кәсіпорны 2-4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" кәсіпорны 2-4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның климаттық деректері бойынша жауын-шашынның көп бөлігі сәуір айында түседі.
"Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде алдымен оңтүстіктен, сонан соң Европалық Ресей аумағынан бұлтты, жаңбырлы циклондары бар ауа райы күтіледі. Температура климаттық нормадан 4-8 градусқа жоғары болады, тек батыс облыстарда нормаға жақындап, кей жерлерде нормадан төмендейді", - деп ескертті мамандар.
Еске сала кейейік, бұған дейін синоптиктер елімізде сәуір айында қандай ауа райының күтілетінін айтты. Мамандар сәуірдің соңғы онкүндігінде солтүстікте күн 20 градусқа дейін жылып, оңтүстікте 33 градус ыстық болатынын болжады.