Синоптиктер 9-11 қыркүйек аралығында елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер 9-11 қыркүйек аралығында елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
"Тропосфералық батыс тасқындар солтүстік-батысқа және солтүстікке жиі ауысады. Бұл Қазақстан аумағына арктикалық теңіз аймақтарынан суық және дымқыл ауаның жиі түсуін, тек солтүстікте қана емес, оңтүстік облыстарда да күннің суытатынын білдіреді. Демалыс күндері, циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, қатты екпінді жел, кей жерде 15...25.м/с соғып, температураның төмендеуі күтіледі", - деді синоптиктер.
Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауып, жеке аймақтарда күн күркіреу кезінде желдің 13-20 м/с күшеюі мүмкін. Бұл облыстарда сондай-ақ температура төмендейді, бірақ орташа көпжылдық мәндерге жуық болады.