24 шілде 2015 | 23:53

Демалыс күндері елімізде ыстықтың беті қайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otantravel.kz ©Otantravel.kz

 Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

 Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер ауа райының салқындауын циклондармен байланыстырып отыр. "Бірінен соң бірі Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы ауысатын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы ауа райына әсер етеді", - деді "Қазгидрометтегілер". Осылайша, бұл фронттармен Қазақстанға Баренц теңізінің аудандарынан ылғалды және салқын ауа келеді екен.

Сондықтан, мамандардың айтуынша, демалыс күндері және дүйсенбі күні осы облыстарда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, найзағай кезінде екпінді жел және температураның осы кезеңге нормаға дейін төмендеуі күтіледі.

Ал таңғы уақытта солтүстік облыстарда тұман болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен аздаған өткінші, тауларда қалыпты жаңбыр жаууы мүмкін және одан әрі температураның төмендеуі күтіледі. 40 градустық ыстық мұнда күтілмейді. Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз болады және температура қайта көтеріледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети