7-8 қаңтарда Қазақстанда шамамен 16 мың адам уақытша тіркеуге тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтар үшін үкімет" дирекциясы басшысының орынбасары Шоқан Әбділмановқа сілтеме жасап.
7-8 қаңтарда Қазақстанда шамамен 16 мың адам уақытша тіркеуге тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтар үшін үкімет" дирекциясы басшысының орынбасары Шоқан Әбділмановқа сілтеме жасап.
"Сенбі мен жексенбі күндері жұмыс істегенімізді ескеретін болсақ, сұраныс болды. Сенбіде біз 9 мыңнан аса адамды уақытша тіркесек, жексенбіде 7 мыңнан аса адам уақытша тіркеуге тұрды. Тіркеуге тұрамын деушілердің сұранысы Алматы, Астана және Павлодар қалаларында байқалады", - деді Шоқан Әбділманов.
"Сондай-ақ, халықтың қажеттілігін ескерсек, оларға ыңғайлы болуы үшін біз ертеңнен бастап ІІМ біріге отырып, жұмыс кестесін өзгертетін боламыз - Алматы мен Астанада сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейміз", - деді ол.
Сондай-ақ, осыған дейін демалыс күндері Астанада 2 400 адамның уақытша тіркеуге тұрғаны хабарланған болатын. "Көші-қон заңнамасындағы азаматтарды тұрып жатқан жері бойынша уақытша тіркеу туралы жаңа ережелерге байланысты Астана қаласының ІІД көші-қон полициясының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдады. Демалыс күндері Астана бойынша жалпы 6500 тұрғын тіркелді, оның ішінде уақытша тіркеуге тұрғаны 2400 адам", - деген еді Астана ІІД бастығының орынбасары Батырхан Есенбай.
Еске сала кетейік, Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берген болатын. Ведомство мәліметінше, тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек.