25 тамыз 2021 | 10:49

Демалыс күндері мекемелерге кімдер кіре алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Вакцина алған және жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана 28 тамыздан кейін демалыс күндері мекемелерге кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вакцина алған және жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана 28 тамыздан кейін демалыс күндері мекемелерге кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетуді мақұлдады. Енді 28 тамыздан бастап Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда ескерту бар:

Реклама
Реклама
  • қызметкерлерінің Ashyq-та "жасыл" мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс жасай алады;
  • мекемелерге тек вакцина алған және ПТР-анықтамасына жеті күн өтпеген тұрғындар ғана кіре алады.

Мекемелер түн ортасына дейін, ал Ashyq "көшбасшылары" түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.

Байтанаевтың айтуынша, келушілер үшін шектеулер тек демалыс күндері қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешімдер бекітілгені хабарланған болатын. Алайда Алматыда карантин басқа өңірлерге қарағанда кеш жеңілдейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная