15 тамыз 2020 | 13:05

Демалыс күндері тауға шығуға тыйым сақталады - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымбұлақ. Курорттың әлеуметтік желідегі парақшасынан Шымбұлақ. Курорттың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері тауға шығуға тыйым әлі сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері тауға шығуға тыйым әлі сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тауға шығуға қатысты шектеу шаралары өзгеріссіз қалады", - деді Бекшин.

Жаяу және велосипедпен жұмыс күндері санитарлық шаралар сақталса, рұқсат етілген, ал демалыс күндері Медеу, Алма-Арасан және басқа ұлттық парктерге баруға тыйым салынған.

Сондай-ақ Алматының санитар дәрігері 17 тамызда қандай нысандар ашылатынын айтты. 

17 тамызынан бастап (демалыс күндерінен басқа) рұқсат етіледі:

  • СОСО, сауда үйлерін (бутиктер), сауда желілері, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер, жабық типтегі азық-түліктік және азық-түліктік
  • емес базарлар (келушілер 30% аспауы тиіс,1 келуші үшін 4 шаршы метр);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балаларға және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар – 5 адамнан аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша) кезеңімен іске қосу шешімі қабылданды.
  • Қызмет көрсету саласының нысандары да (демалыс күндерінен қоспағанда): сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет түрлерін көрсететін нысандар; СПА орталықтары (1 келуші үшін 4 шаршы метр, алдын ала жазылу арқылы);
  • фитнес орталықтар (бассейнсіз) (1 келуші үшін 5 шаршы метрге дейін, қуаттылығы 50% аспайтындай, алдын ала жазылу арқылы), моншалар, сауналар (бассейнсіз) (келушілер 50%-дан аспауы керек, 1 келушіге 4 шаршы метр), сондай-ақ, ашық даладағы аттракциондар жұмысқа қайта оралады.
  • Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар) тек ашық далада, отыратын орындар саны 50-дан аспаған болса, ұжымдық шараларды өткізбеу арқылы рұқсат етілген; тапсырысты "сыртқа алып шығу" және тамақты жеткізіп беруге болады.

Қалада алдындағыдай мына нысандарға тыйым сақталады:

  • ойын-сауық шараларын, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды, сонымен бірге үй жағдайында;
  • конференцияларды, көрмелерді, форумдарды;
  • барлардың, банкет залдарының, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд орындары, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары, бабалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары);
  • мәдениет нысандары, мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети