Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? © gorvesti.ru

Синоптиктер 20-22 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 20-22 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде күн суытады.

"Қазақстанның оңтүстігінде көктем өз күшіне енді, ал республиканың солтүстігінде керісінше. Мұнда алдағы демалыс күндері бұлтты ауа райы жылбысқы қармен және түнгі ауа температурасы минус 10 градус сақталады, бұл климаттық нормадан 3…5 градусқа төмен. Мұндай ауа райы Карск теңізіне Баренц арқылы бірінен кейін бірі жылжитын белсенді циклонмен байланысты, - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, республиканың оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Онымен бірге, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Бірақ мұнда жылы ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы плюс 15…22 градусқа дейін жоғарылайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети