Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? pexels.com

Синоптиктер 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.

"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады. Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25 градус сақталса, жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13 градусқа жоғарылайды", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейтіні айтылады. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети