Демалыс күндері елімізде ауа райы жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері елімізде ауа райы жылы болады ©deita.ru

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы жылы болады. "Крещение аязының" орнына жалпы нормадан жоғары ауа температурасы дүйсенбіге дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы жылы болады. "Крещение аязының" орнына жалпы нормадан жоғары ауа температурасы дүйсенбіге дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағына Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы және ылғалды ауа массалары қаңтар айы үшін нормадан тым жоғары жылы ауа райын сақтап тұрады. Сонымен қатар, демалыс күндері мен дүйсенбіде республиканың барлық өңірінде аздап қар жауады.

"Еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы артып сағатына 15 - 25 метрге жетеді, ал оңтүстікке тұман түсіп көктайғақ болады", - делінген хабарламада. Алайда ауа температурасы климаттық нормадан 8 - 15 градусқа жоғары қалпын сақтайды деген болжам бар.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде боран, қатты жел соғып, көктайғақ болады деп болжады. "Қазгидромет" орталығы еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы ашық болады деп хабарлаған болатын. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғатыны айтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети