Демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі

Демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі © Tengrinews.kz

?аза?стан аума?ында демалыс к?ндері ?ар ж?не жа?быр т?ріндегі жауын-шашын к?тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Қазақстан аумағында демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Алдағы демалыс күндері циклон мен салқын атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның көптеген облыстарында қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашынмен бұлтты, арты көктайғақ пен тұманға ұласатын ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстардың көбінде жаңбыр, дүйсенбі жаңбыр қарға ұласады деп болжануда, бұл ретте ауа температурасы осы маусым үшін әдеттегіден төмен болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берген болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама