Демалыс күндері Қазақстанның 11 облысында ауа райы жайсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері Қазақстанның 11 облысында ауа райы жайсыз болады

Қазақстанның 11 облысында жайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 11 облысында жайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

"7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қалың қар жауып, боран соғады, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығысқа ауысады. 8 желтоқсанда сынап бағанасы түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аязды көрсетеді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, 6-7 желтоқсан күндері үшін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында да ескертулер жарияланды. Бұл өңірлерде қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 метрден 25 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Ақтөбе облысында түнгі ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жарияланды, болжам бойынша өңірде 26-31, кей жерлерде 34 градусқа дейін аяз болады. Батыс Қазақстанда түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болады, Атырау облысында 16-21, кей жерлерде 24 градус аяз,  Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 20 градус аяз болады. "Астанада: 5 желтоқсан мен 6 желтоқсан күні түнде қалың қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 метр/секунд болатын қатты жел соғады. 7-8 желтоқсан күндері түнгі ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді", - дейді "Қазгидромет" мамандары. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети