Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

27-29 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

27-29 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауын шақырған антициклон, алдағы бірнеше тәулікте Шығыс Сібірдің оңтүстігіне кетеді.

Оның орнына Ресейдің еуропалық бөліктерінен Батыс Сібірге қарай ауған циклонмен байланысты атмосфералық фронттар жылжып келеді. Республиканың көптеген бөлігінде алдымен жылы, содан кейін суық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, кей жерлерде қатты екпінді жел соғып, бұршақ болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында басымырақ таулы және тау бөктері аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде, осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормадан 2-4 градусқа төмен болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети