Омбы мэрі кандидаты Дмитрий Перевальскийдің бала туу санын көбейту үшін Солтүстік Қазақстаннан көшіру туралы идеясына қатысты СҚО әкімдігінің өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Омбы мэрі кандидаты Дмитрий Перевальскийдің бала туу санын көбейту үшін Солтүстік Қазақстаннан көшіру туралы идеясына қатысты СҚО әкімдігінің өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Перевальскийдің мәлімдемесі қазақстандықтардың назарына ілікті. СҚО әкімдігінің өкілдері саясаткердің бұл көзқарасына қатысты өз ойын айтты. "Менің білуімше, қазіргі уақытта Омбыда сайлауалды кампания жүріп жатыр. Ол жаққа мэр болуға 30-дан аса адам үміткер. Бұл идеяны айтып отырған сол кандидаттардың бірі. Бұл бастаманы көтеру арқылы ол өзіне назар аударғысы келді. Кандидат ретінде ол бұл мақсатына қол жеткізді. Меніңше, бұл мәселені Перевальский мырза Омбы мэрі атанса талқылай бастауға болады", - деп жауап берді СҚО әкімдігінің баспасөз қызметшісі Тимур Әбдіреш.
СҚО статистика департаментінің мәліметінше, өңірде нәзік жандылардың саны ерлерге қарағанда айтарлықтай аз. "Облыста 559 558 адам тұрады, оның 266 346-сы ерлер де, 293 212-сі әйелдер. 100 ерге шаққанда 109 әйелден келеді. Көріп отырғандарыңыздай, ерлердің саны әйелдерге қарағанда аз. Мұндай жағдайдың бүкіл елімізде сақталып отырғанын айта кетейік", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Ал шағын сауалнама қорытындысы бойынша, солтүстік қазақстандық әйелдерге ерлердің назары жеткіліксіз екен.
Еске салайық, Омбы мэрі қызметіне кандидат Дмитрий Перевальский Солтүстік Қазақстаннан ерлерді жеткізіп, осылайша демографияны көтеруді ұсынған болатын.